Жаңартылған оқу бағдарламасы » Қызылорда облысы Шиелі ауданы №45 мектеп-гимназиясы
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№45 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
30
ноябрь
2017

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы-бүгінгі білімнің жаршысы 


Аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес 2017 жылдың 14 қараша күні

№45 «Ақ Орда» мектеп-гимназия базасында жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдердің шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу мақсатында «Жаңартылған оқу бағдарламасы-бүгінгі білімнің жаршысы» тақырыбында семинар-практикум өтті. Семинар-практикумға аудандық білім бөлімінің әдіскері Д. Сейдахметов және аудандық мектептер бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасымен жұмыс жүргізетін 65 мұғалім қатысты. Мектеп-гимназия директоры А. Архабаева семинарды салтанатты түрде ашып берді. Мектеп-гимназия директорының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары

Э. Баймаханова жиналған ұстаздарды семинардың бағдарламасымен таныстырып, арнайы дайындалған семинар бағдарламаларын таратты. Семинар арнайы үш тілде дайындалған сәлемдесумен басталды. Әдістемелік-ақпараттық көрмені бастауыш сынып мұғалімі

Б. Махамбетова таныстырды. Семинар бағдарламасына сәйкес М. Шерәліқызы 2 «Б» сыныбында математика пәнінен «Тиімді тәсілмен қосу және азайту №1-5 есептер», орыс тілі пәні мұғалімі Д. Бисенбаева 1 «А» сыныбында «Моя семья», Б. Аяпова 2 «Ә» сыныбында жаратылыстану пәнінен «Қозғалыс сыры», ағылшын тілі пәні мұғалімі

М. Кенжебекова 2 «А» сыныбында «Around school» тақырыптарында үлгі ашық сабақтар берді. Деңгейлік курсты бітірген мұғалімдер А. Қыстаубаева мен С. Қалышова, Р. Қазкенова «Оқыту үшін бағалау- сапалы білім көрсеткіші» тақырыбында коучинг өткізсе,Г. Түкібаева «Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарлама» тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында дөңгелек үстел жүргізді. Мұғалімдер толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауап алды. «Үштілділік-тұғырым» тақырыбында Ш. Омарова, Қ. Қойшыбаева, Ұ. Қаппаровалардың ұйымдастыруымен сыныптан тыс жұмыс өткізілді. №46, №148, №244, №47 мектептің мұғалімдері жарыссөзге шығып, өз пікірлерін ортаға салды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Д. Сейдахметов семинарды қорытындылады. Семинар жоғары деңгейде өтті деген баға беріліп, аудан мұғалімдері өздеріне қажетті материалдарды жинақтап, өзара тәжірибе алмасу шын мәнісінде жүзеге асқандығын айқындап кетті.

 

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Жаңартылған оқу бағдарламасы

 

Похожие публикации: