Мерекелік іс-шаралар » Қызылорда облысы Шиелі ауданы №45 мектеп-гимназиясы
Қызылорда облысы білім басқармасының
Шиелі ауданы бойынша білім бөлімінің
"№45 мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
февраль
2018

Мерекелік іс-шаралар

2018 жылдың 10-ақпан күні №45 «Ақ Орда» мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі барысында баланы мәдениеттілікке, әдептілікке, сыпайылыққа, тазалыққа, мейірімділікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Алтын жүректі анамыз» тақырыбында 3-6 сынып білім алушыларының арасында әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Кешті ұйымдастырушы мектеп-гимназияның музыка пәнінің мұғалімі С.Әбиева. Кеш жүргізушілері 5 сынып оқушылары Ә.Сыздықова мен Н.Әбілдә. Кештің «Ән-көңілдің ажары» бөлімінде «Қазақ қызы» әнімен Ж.Сәрсенова, «Ата-әже» әнімен С.Ақтөреева, «Тәуелсіз қазақтың қызымын» әнімен Г.Кемелова, «Кешір ана» әнімен Ұ.Мәлік, «Әке-ана» әнімен А.Оразайұлы өнерлерін ортаға салды. Анаға деген ыстық сезім, махаббаттарын көрсету бағытында оқушылар өздерінің жүректерінен шыққан шығармаларын оқыды. Оқушылар арасынан 6 «А» сынып оқушысы А.Кішібаева, 5 «А» сынып оқушылары С.Өміртаев пен Ә.Ғалымжанұлы шығармалары үздік деп танылды. Кеш соңында кешке көрермен ретінде келіп қатысып отырған білім алушылар мен мұғалімдер «Анаға сәлем» әнін хормен айтты. «Алтын жүректі анамыз» тақырыбындағы әдеби-музыкалық кеш соңында кешке белсене қатысып, үздік жоғары деңгейде өнер мен шығармашылық көрсеткен оқушылар марапатталды.

Мерекелік іс-шаралар

 


Похожие публикации: